«Ер Сұлтан» сайысы
Мақсаты:оқушыларды қазақ халқының өткендегі өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпымен таныстыру. Олардың жүректеріндегі туған елге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін ояту. Өмір танымын кеңейтіп, имандылық, ізгілік ұрығын себу. Оқушылардың бойындағы өнер мен дарындылығын дамыту.
-Құрметті қонақтар, ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Ер Сұлтан» сайысына ,қош келдіңіздер! Сайыс үш тілде өтеді/қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Енді салтанатты ашылуды мектеп директоры Буряк К М беріледі.
/Аудару/
1-жүргізуші.
Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
«Ер Сұлтан»
Сайысын біз бастайық.
Енді шашу қабыл алыңыздар/Джакупова.Т Ж/
2-жүргізуші.
Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғайық
Ел намысын қорғайық.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін Сұлтан атанбақ.
1-жүргізуші.
Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық,
Сұлтандар ортада,
Көзайымын алайық.
Әнші,күйші қайсы,
Талабына қарайық.
Таланттарын табайық.
Құрметті көрермендер, бүгінгі төрешілерімізбен таныс болыңыздар!
Мектеп директоры және қазақ тілі,әдебиет пәнінің мұғалімі Буряк К М. Оқу ісінің меңгерушісі және орыс тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Соколова С.А. Ағылшын пәнінің мұғалімі Муканова С Б. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Кайзер Ф В.
2-жүгізуші.
Уа,жігіттер ,жігіттер,
Бар өнерді салыңдар.
«Ер Сұлтан» атты лайықтап,
Біреуің жеңіп алыңдар.
1-жүргізуші.
Уа,халайық,халайық
Бастамас бұрын сайысты
Үлкендерден бата алайық.
Ешқашан артық болмайды,
Үлкендерден бата алған.
/Бата айтылады./......Кайзер Ф В.
2- жүргізуші.Сайысымыздың шарты бойынша Сұлтандар мына қоржыннан өз нөмірін алып шығуы керек. Алынған нөмірі бойынша олар өз өнерін көрсетеді./Аудару/
-Ал,Сұлтандар, сайысқа түсуге дайынсыңдар ма?
-Дайынбыз!/Хормен айтады/ Все хором.
1- жүргізуші. Құрметті көрермендер мен әділқазылар! Қазақта «Сегіз қырлы,бір сырлы» деген мақала бар.Енді Сұлтандардың өнерлерін тамашаласақ дейміз.Олай болса, бірінші тапсырма: қауыммен «Өздеріңді таныстырыңдар»./қазақша,орысша және ағылшын тілдерінде./
2- жүргізуші. Олай болса, екінші тапсырма: «Үй тапсырмасы». /қазақша,орысша және ағылшын тілдерінде.Шығармашылық жұмыс/ жүргізуші.Олай болса, үшінші тапсырма: «Автомат құрастыру » сайысы.
2-жүргізуші.Олай болса, төртінші тапсырма: Қазақта «Сегіз қырлы,бір сырлы» сайысы. Қатысушылар бұл затты өздері жасайды./қазақша,орысша және ағылшын тілдерінде айтуы керек. /Сыпырғы-веник-..../
жүргізуші.Олай болса, бесінші тапсырма:«Көптілдер сайысы ».
Мақал-мәтелдерді /қазақша,орысша және ағылшына толықтыру.
2- жүргізуші.Олай болса, алтыншы тапсырма: «Сөзжұбақ» сайысы /қазақша,орысша және ағылшын тілдерінде.
жүргізуші.Олай болса, жетінші тапсырма: «Сандарды сөйлету» сайысы /қазақша,орысша және ағылшын тілдерінде.
жүргізуші.Осымен бүгінгі байқауымыз да өз мәресіне жетіп қалды.Енді кезекті ұстазымызға берсек. Қазақ тілі,әдебиет пәнінің мұғалімі Тулебаева Р К. Мұғалім.
2-жүргізуші.Әділқазылар алқасы кеңесіп, байқау нәтижесін шығарғанша, кезекті өлеңге береміз./Өлең-музыка/
1-жүргізуші.Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. Жеңімпаздар аталады./ Оларға сыйлық беріледі./
Жүргізуші. Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер,
Шыңға шығар шынар болып шынайы
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!