«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Борисовка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі ретінде кәсіби мемлекетті құру белгіленген. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет имиджі тұтастай алғанда мемлекеттік қызметші имиджіне тікелей байланысты, өйткені мемлекеттік билік органдарына сенім мәселесі қызметкер имиджімен байланысты, болмаған жағдайда мемлекеттік билік органдарының қызметі тиімсіз болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті ХДП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумында мынадай этикалық нормаларды айтып өтті, олар қоғамдық сенім деңгейін сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді:

Мемлекеттік қызметші билікке және өкілеттілікке иелік ете білу, бұл ретте адал болу тиіс.
Мемлекеттік қызметте өз игілігіне емес, мемлекет игілігіне қызмет ету керек, мемлекет қаражатын өз қалтасымен шатастырмау керек.
Шенеунік «Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан жасқанбай өмір сүруі керек, себебі виллалары, оның айналасындағы биік дуалдары және қымбат шетел көліктері түсірілген суреттердің пайда болуына негіздердің болмауы тиіс.
Заңдардың талаптарын толық сақтай отырып, өмір сүрген маңызды.
Әрбір деңгейде, әрбір қызметте қандай жағдайларда болмасын халықтың, өз елінің азаматтарының сенімін жоғалтып алмай қызмет ету керек.
Казақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, сыпайылықтың үлгісі болу керек, қауым арасында өзін ұстай білуі тиіс.
Ұжымды басқармас бұрын өзі бағына білуі тиіс, өз қызметкерлерінен талап ететінді алдымен өзі орындай білуі керек.
Мемлекеттік мүддесіне нұқсан келтірілетін немесе жемқорлық әрекет әзірленгенін көрсе, дереу араласу, шара қолдану керек.
Бүгінгі таңда жүргізіліп отырған мемлекеттік қызмет реформасы тиімді кадрлық тетіктерді қалыптастыруды ұйғарады: мемлекеттік қызметке кірудің тиімді және айқын тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз кәсіби даму мүмкіндігі, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру жүйесінің өзара байланысы. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, оның ішінде уақтылы хабардар ету және азаматтардың өтініштеріне ден қою, билік құрылымдарының қолайлы пікірін құру басым бағыт болып табылады. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда тиісінше мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қоғаммен байланысты жолға қою негізгі бағыттар болып табылады.

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:50
Құрылған күні: 11.09.2024 13:34

Текст