Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы жаднама
Құрметті ата-аналар!
Каждый из вас желает, чтобы дети, воспитывающиеся в ваших семьях, были здоровыми, благополучными, законопослушными людьми.
Сіздердің әрқайсыларыңыз отбасыларыңызда тәрбиеленетін балалардың дені сау, бақуатты, заңға бағынышты адамдар болғанын қалайсыздар.
- Балалардың көшеде мақсатсыз, бақылаусыз уақыт өткізуіне жол бермеңіз. Ерте ме, кеш пе, бұл құқық бұзушылыққа әкеледі. Кез-келген уақытта сіз балаңыздың қайда, кіммен, немен айналысатынын білуіңіз керек. Сіз ұлыңыздың немесе қызыңыздың әлеуметтік ортада араласатын балалардың аты-жөнін, мекен-жайы мен телефон нөмірін білуіңіз керек.
- Баланың кеш уақытында және түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына жол бермеңіз. Егер ұлыныз немесе қызыныз түнді достарымен немесе таныстарымен өткізуді сұраса, бұдан жақсылық күтудің қажеті жоқ екеніне сенімді болыныз. Әдетте, мұндай жағдайларда сіздің балаңыз уақытты бақылаусыз өткізіп, көңіл көтергісі келеді. Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың көпшілігі кешке және түнде жасалады, ал сіздің балаларыңыздың өзі қылмыстың құрбаны болуы мүмкін.
- Міндетті түрде ата-аналар жиналысына қатысыңыз, мектеппен байланыста болыңыз.
- Балаңызбен оның істері, проблемалары, сәттіліктері мен сәтсіздіктері, құрдастарымен қарым-қатынас, соның ішінде мектепте және тұрғылықты жері туралы көбірек сөйлесіңіз.
Баланы тәрбиелеудегі ең маңызды және шешуші фактор - бұл ата-анасының жеке мінез-құлқы мен өмір салты екенін ұмытпаңыз.
Педагог- психолог: Е.И. Поляковская