Текст
Барлық балалар ертегілерді жақсы көреді: сиқыр мен шытырман оқиға оларды баурап алады, жақсылық пен әділеттілікке үйретеді. 26 маусымда «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-сі жанындағы лагерьде «Ертегілер арқылы саяхат» викториналық ойыны өтті. Балалар өздерінің сүйікті кітаптарының парақтарын аралап, жаңа ертегілермен танысты, ертегілер бойынша тамаша білімдерін көрсетті, ертегілерді жақсы көретіндерін және кітаппен дос екенін дәлелдеді.