Текст
Жұмыс жоспары аясында педагог-психолог Е.И.Поляковская 8 сынып оқушыларымен «Үмітсіз жағдайлар жоқ» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Міндеттері: оқушылардың адам өмірінің құндылығын ұғындыру, позитивті ойлауды дамыту және өмірлік қиындықтармен күресуге жеке сенімін арттыру. Оқушылардың өмірлік оң көзқарастарын сақтау арқылы қиын өмірлік жағдайларға төзімділікті дамытуға көмектесу.