«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Борисовка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ашылуы

20.11.2023

20 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тапсырмасы бойынша алғаш рет жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі өткізіледі.
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиаданың мақсаты-еліміздің ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығын қолдау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
Бастапқы кезеңге қатысу үшін біздің мектептің оқушылары аuyl.daryn.kz сайтында тіркеліп, нәтижесінде 11 оқушы қатысуға ниет білдірді. Олимпиада "бір компьютер – бір оқушы – бір камера" қағидаты бойынша өткізіледі. Жарыстың барлық кезеңдерінде қатысушылардың деректері қазылар алқасынан жасырылады. Әр турдан кейін оқушылардың тапсырмаларының, жұмыстарының және дұрыс жауаптарының сканерленген нұсқалары сайтта жарияланады.
Бүгін, 2023 жылғы 20 қарашада жалпы мектепішілік линейкада  олимпиаданың ашылуы өтті. Оқушыларды Борисовка ауылы әкімдігінің бас маманы Моор Юлия Васильевна мен мектептің оқу ісінің  меңгерушісі Буряк Галина Владимировна құттықтады. Олар республикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына шын жүректен табыс пен жеңіс тіледі!

Просмотров: 351


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст