08.11.2023 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы барысында 7-сыныпта
«Отырар-өркениет ордасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
Айтылым
7. 2. 2. 1 талап етудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
Тілдік бағдар
7. 5. 1. 4 одағай түрлерін мәтіннен ажырата алады, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
Қос құрлықты жалғастырған Ұлы жол Азия мен Еуропаның арасын жалғастырушы көпір болды.Шығыс пен Батыстың арасындағы сауда экономикалық алмасу ғана емес, адамзаттың мәдениетін байытты. Шығыс пен Батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдады. Ұлы Жібек жолының бойында мәдениет пен өркениеттің дамыу кезеңдеріне тоқталып,ежелгі қаланың қалыптасуы және қазіргі дамыуына дейін сабақ жалғасып,әріптестер мен оқушылар жақсы көңіл күйде болды.Мұғалім оқу мақсатына толық жетті.Сабақтың түсінікті,қызықты болғаны өзін бағалау өзгені бағалау,мұғалімнің бағалауынан байқалды.
Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рымхан Н.