«Атбасар ауданы білім бөлімінің Борисовка орта мектебі» КММ –де 1 наурыз – Алғыс күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы ақпарат
Алғыс күні туралы түсінік қалыптастыру мақсатында Борисовка орта мектебінде келесі іс-шаралар өткізілді.
0-11 сынып оқушылары үшін салтанатты ленейка өтті, онда оқушылар Қазақстан халқының көпэтникалық қоғам ретінде қалыптасуының күрделі үрдісінің тарихы туралы білді; Отанға, Президентке, ата-аналарға, мектепке, достарға алғыс сөздерімен өлеңдерді тыңдады; «Алғыс» ұғымының мәнін анықтады. Ленейка соңында мектептің оқу ісінің меңгерушісі С. А. Соколова «ПОНИ» Халықаралық балалар байқауының және қазақ тілінен «Зият» жалпы қазақстандық қашықтық олимпиадасының жүлдегерлеріне дипломдарды табыс етті. Сонымен қатар, қатысушылардың ата-аналары мен жетекшілері алғыс хаттарға ие болды.
0-11 сынып жетекшілері «1 наурыз - Қазақстан халқының рақымы, мейірімі және достығы» тақырыбында тақырыпты сағаттар өткізді. Оның мақсаты - көптеген ұлттар үшін ортақ үйге айналған интернационализм мен патриотизм сезімін тәрбиелеу, Отанға құрмет сезімін тәрбиелеу.
8-11 сынып оқушылары арасында "Мен ризамын..." тақырыбында эссе сайысы өтті. Ең үздік шығармалар Алғыс күніне арналған аудандық эссе байқауына жіберілді.
"Өз тарихынды есте сақта және мақтан ет" - осындай атаумен кітапханада В. А. Ткач дайындаған танымдық сағат өтті. Қазақстан тарихы туралы ролик көрсетілді. Балалардың назарына «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты кітап көрмесі ұсынылды. Балалармен кездесу аяқталғаннан кейін ойын өтті: түймедақ жапырақтарына өздерінің ұлты мен мейірімділік пен алғыс сөздерін жазу қажет болды.