02.03.2022
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ–нің
2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің
мәселелері бойынша есебі
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Борисовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі. Әрбір қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілген, онда қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, әдістері және құжаттар тізбесі көрсетілген. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы Борисовка ауылындағы жалпы білім беретін мектепте небәрі 56 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 30, электронды нұсқада – 26, қағаз нұсқада – 0.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқу үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау;
- Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау.
Сондай-ақ мектепте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендтерге ілінген. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
2021 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.